TopIQ: ТРЕНДТЕН ҚАЛМАЙТЫН МҰҒАЛІМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ
07.07.2023
231
0

Tiktok әлеуметтік желісін жиі қолданып жүрсеңіз, «тренд» деген сөз құлағыңызға әбден таныс. Десе де, бұл ұғымды тиктоктағы аудитория ғана емес, көшке ілесемін деген әр адам білуі керек. Сән әлемі үшін тренд соңғы үлгідегі киімдер, жас буын үшін тренд жаңадан шыққан ұялы телефон болуы мүмкін. Ал, мектептегі мұғалімдер үшін тренд деген не? Менің ойымша, оқу барысында сандық технологияны қолдана алу нағыз тренд дер едім.

Қазір оқушыға онлайн мұғалім, мұғалімге көмекші болып жүрген бірнеше бағдарламалар бар. TopIQ.kz «Алматыкітап» баспасының құрастыруымен жасалған, бірнеше мектеп оқулықтары жүйелі жинақталған платформа. Платформа өте ыңғайлы түрде жасалған. Виртуалды платформада мектеп оқулықтары және оқушыға алған білімді бекіту үшін септігін тигізер тапсырмалар жүктелген. Ерекше визуалмен жасалған тапсырмаларды орындауға оқушының құлшынысы жоғары болары сөзсіз. Сабақ беру барысында қолдана жүріп, оқушылардың платформаға деген қызығушылығы жоғары екенін байқадым. Оқушылардың қызығушылығымен қатар тапсырмаларды орындау арқылы үлгерімдері де артқанын жасыру мүмкін емес.

Платформада мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндерге кітаптармен қатар, логикалық ойлау қабілетін дамытатын ойындар бар. Мәселен «Текшелердегі ерекше санды тап», «Суреттерді байланыстыр» секілді жаттығулар өте пайдалы дер едім.

Білім беру платформасының ең үлкен ерекшелігі кез келген аймақтағы оқушылар үшін қолжетімді. Ауыл мектебінің оқушысы да мұндай платформалар арқылы өз қабілетін арттыра алады. Бүгінгі күні білім алуға кедергі боларлық ешқандай сылтау жоқ. Керісінше, оқушы игіліне жарайтын платформалар жетерлік. Цифрлық оқыту ресурстарына шектеусіз қолжетімділік озат оқушылардың қатарын арттыра береді деп сенемін. Кері байланыс орнату оқушы білімін нығайта түседі. TopIQ кері байланыс жасауға мүмкіндік сыйлайды.

Мектепте ашық сабақтарға арналған идея табуға да бұл платформа көмектеседі. Бейне тапсырмалар сан алуандығымен тарта түседі. Әр сабағымды платформадағы тапсырмалар әрлендіре түскендей. Елімізде мұндай цифрлық білім беру саусақпен санарлық. Бастысы, TopIQ жас маманның игілігіне жарап тұр. Сіз де TopIQ-ға тіркеліп, трендтен қалмаңыз, мұғалім!

                                                            Нысанғалиев Данияр Дидарұлы

БҚО, Жаңақала ауданы

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір