ҚАРЛАГТЫҢ ҚАСІРЕТІ ҚАРА ӨЛЕҢДЕ…
05.06.2023
150
0

Қарағандыда «Қасіретті Карлаг» атты республикалық мүшәйра өтті. Оған 70 ақын қатысып, тоғызы жүлделі болды. Жыр бәйгесін Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Бірінші орынды Мирас Асан, екінші орындаы Ұмтыл Зарыққан, Үшінші орынды Нұрбек Кеңесбай алды. Арнайы жүлде Назгүл Бердіқожа, Олжас Қасым, Батырлан Сағынтайға бұйырды. Ал Ерік Нарын, Дмитрий Пхенда, Сезім Мергенбай ынталандыру жүлдесіне ие болды.
Марапаттау рәсіміне дейін жүлдегерлер  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барып келді. Салтанатты шара еркін форматта өтті. Ақындар өлең оқып, алдыңғы буын ағалар ой толғады.
«Абай» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Серік Ақсұңқарұлы мен Ғалым Жайлыбай, филология ғылымдарының докторлары Қойлыбай Асан, Жансая Жарылғапов, ақын, ҚЖО Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы мүшәйраға қазылық етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір