NIS түлектері білімордаларына оралды
31.05.2023
144
0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде  оқу жылының соңғы күні әр жыл түлектері   мен оқушылар зияткерлік алаңда бас қосты.    Түлектер мен оқушылардың  арасында алтын көпір болып, дәстүрге айналған сайысқа Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Зияткерлік мектепке еліміздің беделді оқу орындарында жоғары білім алып жүрген түлектер келді. 

 10 команда, 70 қатысушы, 5 зияткерлік раунд, 2 сағаттық   сайыс — бұл сандардың артында қайнаған эмоциялар,   қызу пікірталас, сәттілік  сәттердің қуанышы мен жеңілістің ащы дәмі  тұр.     Командалар NIS Challenge – дің басты миссиясына сәйкес құрылды, студенттер мен түлектер арасындағы тығыз байланысты құрып,  ұрпақтардың сабақтастығы мен бірлікті дамыту. Бұл ойында жеңілгендер болған жоқ, интеллектуалды ойынның әр қатысушысы биіктен көріне білді, дұрыс жауаптарды бір-бірінен суырып алып, логика мен жылдамдықты көресетті.

Білім алыптар  күресінің  жүргізушілері  де   көңілді әзілмен ,  пайдалы кеңестерімен,  алаңда көтеріңкі көңіл-күйді қыздырып отырғанымен   қатысушылардың қолдауына ие болды.

Жеңіске   жеткен  командаға сайыстың  басты жүлдесі  «NIS Alumni» Зияткерлік мектептерінің түлектер қауымдастығының  ақшалай сертификаты табысталды.   Ұтыстарымен жеңімпаздар қауымдастық  бастаған игі жобаға өз үлестерін қосатын болды.   

— Бүгін біз мектеп парталарына қайта отырғандай болдық, бір-бірімізбен ой қабілеттерімізбен жарысып, жеңіске жету үшін таластық,  барлығы өте көңілді, керемет болды. NIS Challenge ойыны-бұл мектепке қайта оралып қана қоймай, сонымен бірге бізден кейінгі оқушылармен танысуға, бір үстелде отырып ортақ мақсатқа жету үшін бір командада жұмыс істеуге мүмкіндік береді, — деп бөлісті 2021 жылғы түлек Адина Машанова.

Өз тілшімізден

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір