«МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ТАРИХЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ
18.05.2023
345
0

Биыл 1998 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының қолданысқа енгеніне 25-жыл толып отыр. Аталмыш Заңның қабылдануы  еліміздегі архив саласының жұмысын жүйелендіріп, бір арнаға тоғыстырды, нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырды. ҚР Президентінің Архиві Заңның мәртебесін насихаттау мақсатында «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонын ұйымдастырды.
Марафон аясында  ҚР Президенті Архиві Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізді.

Байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. 2022 жылы оқушылардан 80-ге жуық жұмыс ұсынылса, биыл байқауға қатысушылардың саны екі есеге өсіп, келіп түскен жұмыстардың саны 136-ға жетті. Зерттеу жұмыстарын арнайы комиссия бағалады.

Арнайы комиссия зерттеу жұмыстарының мазмұны, ғылыми тәсілдердің қолдануы, архив құжаттары, оның ішінде отбасылық фотосуреттерді пайдалану сияқты талаптарды ескеріп, бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды №21 мектеп-гимназиясының оқушысы Жапарова Меруерт, екінші орынды №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Баймахан Ақбота, үшінші орынды №43 орта мектептің оқушысы. Жүнісхан Әсел иеленді. Сондай-ақ 49 оқушы арнайы номинация жеңімпазы деп танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Дайана Тоқбергенова,
ҚР Президенті Архивінің қоғаммен
байланыс маманы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір