ОЙ КӨРКЕМДІГІ МЕН СӨЗ КӨРКЕМДІГІ АСТАСҚАН ҚОС ЖИНАҚ
17.05.2023
155
0

26 сәуір күні Тұран университетінде белгілі жазушы, «Ана тілі» апталығының бұрынғы редакторы Қали Сәрсенбайдың «Корифей», «Журналист – өмір барлаушысы, Журналистика – өмір мектебі» кітапта­рының тұсаукесері өтті.

Қос кітаптың таныстырылымына университет студенттері, оқытушылар, сонымен қатар әдебиетсүйер қауым мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынға кітап кейіпкерлерінің де келгені кештің мазмұнын аша түсті. «Корифей» – әйгілі актер Асанәлі Әшімовті арқау еткен «Абыз-аңыз» кітабының жалғасы болса, «Журналист – өмір барлаушысы, Журналистика – өмір мектебі» жинағына автор мен танымал журналист Жанболат Аупбаевтың өзара сұхбаттары енген.
Тұсаукесерде Қали Сәрсенбайдың журналистік еңбектері мен талантты қаламгер ретінде қаламынан туған туындылары жайлы толғамды ойлар айтылды. Жазушы эсселерінің де эстетикалық көркемдігі сараланып, өнер адамдары жайлы үздіксіз жазып жүрген автордың қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігінің зор екені де тілге тиек етілді. Бүгінгі журналистикадағы олқылықтар жайлы ой қозғалып: «Қос кітап та ой көркемдігі мен сөз көркемдігін негіз еткен. Өміріне қаламды серік еткісі келген студенттерге тіл қасаңдығынан арылу үшін дәл осындай тілі шұрайлы дүние­лерді оқытқан дұрыс», – десті көпшілік. Жиын қорытындысында Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов Асанәлі Әшімов пен Қали Сәрсенбайға «Құрметті профессор» атағын табыс етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір