Ірі мұнай-газ компаниясы жекеменшікке арзан бағада сатылып кеткен
03.05.2023
121
0


Үкіметте өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания­ның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды.
Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады.
Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақ­стан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір