ШАНАҚҚАЛАДА ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ
05.02.2016
1146
0

DSC_0101Әдеби шараға Шанаққала қаласының губернаторы Хамза Еркал, ТҮРКСОЙ-дағы Қазақстанның өкілі Мәлік Отарбаев пен Қырғыз Республикасының өкілі Қожагелді Қулуев, белгілі түрік қаламгері Хайреттин Ивгин, атақты әзірбайжан ақыны Мамед Ысмайыл, «Түркі жұрты» журналының бас редакторы Ибрахим Атабей, «Мәдениет ғаламы» журналының редакторы Осман Баш, «Диуан жолы» журналының редакторы Муаммер Еркул сынды қаламгерлер қатысты.
Қазақстанның атынан сөз сөйлеген аудармашы-жазушы Мәлік Отарбаев бүгінгі тынышсыз дүниеде рухани алыс-берістің, әдеби байланыстың қажеттілігі жөнінде сөз өрбітіп, түбі бір туысқан халықтардың әдеби ахуалы күллі әдебиетші қауымды ойландыратынын жеткізді.
Конференция барысында арнайы баяндама жасаған әзірбайжандық ақын Мамед Ысмайыл қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевпен Мәскеуде бірге оқығанын, оның өлеңдері қазақты ғана емес, орысты да тәнті еткенін, кейінгі ұрпаққа Мұқағали сынды ақындардың өлмес-өшпес рухани мұраларын жеткізу міндеті тұрғанын айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір