«BIRQAZAQ-тың» кітабы
28 наурыз күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада жазушы Қабылхақ Күлмесханұлының «Тұманды дала» және Мағаз Разданұлының «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының тұсаукесері өтті.
«BIRQAZAQ» жобасының бастамасымен іске асқан бұл шараға жазушы, журналистерден бөлек, осы игі бастаманы қолға алып, демеушілік көрсеткен кәсіпкер азаматтар да қатысты.
Бұл жобаның мақсаты – шет елдегі қаламгерлердің (қазақ ақын-жазушылардың) озық шығармаларын отандық оқырмандармен таныстыру. Мәселен, аталмыш шарада тұсауы кесілген «Тұманды дала» повесі – Шыңжаңда оншақты рет басылып, үлкен сұранысқа ие болған кітап. Алдағы уақытта да қазақ тілді оқырман «BIRQAZAQ-тың» көркем дүниелерімен қауыша бермек.