Әсем әуендер топтастырылған ән кітабы
21.12.2023
183
0

20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі композитор Мақсат Жәутіковтің «Тамшылар» атты ән кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шарада «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы, Қазақ-­­ с­тан­­ның еңбек сіңірген қайраткері Ағай­ша Исағұлова, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы­ның лауреаты, ақын Сайлаубай Тойлыбаев, ақын Бақыт Беделхан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің жары Жұмагүл апай, Гүлнар Дәнешқызы және т.б зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар аталмыш кітаптың бірнеше данасы ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылды.
«Тамшылар» кітабына композитордың 64 әні мен оның шығармашылығы жайлы музыка әлемі саң­лақ­та­рының пікірлері енген. Сондай-ақ сазгердің халықа­ралық, республикалық байқаулардан алған деректі құжаттамалары мен 300-ден астам фотосуреттері топтас­тырылған.
Шара аясында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айбек Мұхамедәлі, Мақсат Жәутіковтің шәкірттері, Халықаралық «Бозторғай», Республикалық «Тамшылар» ән-фестивальдерінің лауреаттары өнер иесінің әндерін шырқап, жиналған қауымды ерекше күйге бөледі.
Аталмыш ән кітабы мектептегі «Музыка» пәні мұғалім­деріне, балалар музыка мектептеріндегі ұстаздарға, үйірме жетекшілеріне, сонымен қатар барша өнерсүйер қауымға ұсынылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір