Әзербайжан: Құрманғазы атындағы орталық салынады
14.03.2023
203
0

Әзербайжан Республикасы­ның Физули қаласында әйгілі күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы балалар шығар­ма­шылығы орталығының іргетасы қаланды.

Салтанатты шараға сол елдің лауазымды тұлғалары қатысып, кешенді салатын қазақстандық компания өкілдері нысанның маңызына тоқталды. Қазақстан тарапы ұсынған бұл ұсыныс – бауырлас халықтар арасын жақындата түсетін игі бастама.
Әйгілі композитор атындағы балаларға арналған орталық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған. Жаңа білім беру кешенінің іргетасын қалау салтанатына Әзербайжан Президентінің арнайы өкілі Эмин Гусейнов, осы елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісінің кеңесшісі Жандос Нұрмахамбетов, қазақстандық «BI Group» құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев қатысқан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір