ТҮРКСОЙ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ БІРЛІГІ ҚҰРЫЛДЫ. ПРЕЗИДЕНТІ – ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Түркияда Түрксой ұйымының Жазушылар бірлігі құрылып, тұңғыш президенті болып Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма Төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет сайланды. Анкарадағы Түркияның Бас хатшылығында өткен жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан Жазушылар одағының төрағалары мен жиыны 15 түркі әлемі жазушылар ұйымының өкілдері қатысып, Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.
Ұлықбек Есдәулет жаңа қызметін ҚР Жазушылар Одағының басқарма төрағасы қызметімен қоса атқара беретін болды.
Осынау ақжолтай хабармен барша Алаш баласын, қаламгерлер қауымын құттықтаймыз!