Олимпиадалық қозғалыс-білім мен жеңістер алаңы
NIS-те жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиада апталығы әрдайым қатысушылар үшін білім мен жаңалықтар, сынақтар мен жеңістер мерекесi.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS базасында жаратылыстану-математика пәндерінен сайыскерлердің жұмыстарын тексерген қазылар алқасының мүшесі, биология ғылымдарының докторы , Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Меруерт Құрманбаеваның айтуынша, олимпиадалық сұрақтар тек оқу бағдарламасын ғана қамтымайды, қосымша білімді талап етеді және оқушыларды жаңа ізденicтерге ынталандырады.
– Тек география бойынша NIS желісі бойынша 84 оқушы қатысты. Жұмыстарының деңгейі жақсы. Апелляцияға көптеген өтініштер келіп түсті. Менің ойымша бұл дұрыс. Олимпиадалық әлеуеті бар оқушылар теориялық тұрғыдан өздерін ашуға үлгермейді, біз әрқайсысын тыңдауға дайынбыз, қосымша сұрақтар қоямыз. Егер олар өз білімдерін дәлелдесе, біз қосымша балл беруіміз әбден мүмкін,– деп айтып өтті Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, география ғылымдарының докторы Бахадур Әбдіманапов.
Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тiң 9-сынып оқушысы Мейірбек Дүйсенбеков физикадан желілік олимпиаданың жеңіс тұғырын алғаш рет бағындыруға бет бұрып, 2-ші орынға ие болды:
– Бұл мен үшін бірінші желілік олимпиада, мен оған жетінші сыныптан бастап дайындалдым. Мектеп, қала деңгейіндегі олимпиадаларға қатыстым. Олимпиада әрқашан пайдалы тәжірибе, ақыл-ой мен әлеуетке жету үшін өте пайдалы жаттығу. Менің потенциалымды ашқан физика мұғалімі Ернур Чакеновке алғысым шексіз.
Олимпиада жеңімпазы 10-шы сынып окушысы Даниял Айдаров тарих пәнін таңдағаны бекерден емес екенін айтады:
— Мені атам жас кезімнен тарихпен қызыктырды. Қазақ даласында орын алған тарихи оқиғаларды көп әңгімелеп беретін. Мен сол кызығушылығымды арттырып тарихке терең үңілдім.
NIS-тің 500-ден астам оқушысы күткен жылдың басты зияткерлік сайысының нәтижелері бойынша алматылық зияткерлер айтулы жеңіске қол жеткізді. Химия биология бағытындағы Зияткерлік мектеп командасының қоржыны 34 жүлделі орындармен толықтырылды.
– Бүгінгі жеңістеріңіз күнделікті еңбек пен білімге құлшыныстарыңыздың жемісі. Енді алдыларыңызда «Дарын» республикалық олимпиадасы күтіп тұр. Осы алған жолдарыңыздан таймай, жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспін,- деп құттықтады Зияткерлік мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева.