Ақын рухымен сырласу
08.02.2023
186
0

Жақсылық АЙЖАНОВ 

«Будь ты проклята моя поэтическая судьба».

М.Мақатаев.

Өлді, бәрі өзгеше өлеңі де,

Кітабының өзгерді көлемі де.

Қарасаздың қойнынан қайта тұрып,

Мұқағали мұны енді көреді ме?

Өтті-ау, талай өмірден ұлы ақының,

 Өтті, міне, түңіліп бір ақының.

Сезді ме екен, бірақ та өлең-өзен,

Ғасыр көшің өзіне бұратынын.

Өмір солай, сәл кештеу тасына ма,

Тағдыр тасын көргенді басын, аға.

Талантсыздар табалап кеткенменен,

Тілемеп ең, қасірет қасыңа да.

Тірлігімде көп еді күндегендер,

Олар жайлы тіпті де үндемеңдер.

Деп ұлы ақын кей кезде сыр ашардай,

Емдесінші соларды мұңды өлеңдер.

1974 жыл 28 тамыз

***

Ақтөбеде бірде мен жолықтырғам,

Аз әңгіме сырларын мол ұқтырған.

Алматыма жете алмай жүрмін бауыр,-

Деп мұңын ол шаққанды тұнып тұрған.

Орындалмай қойды ғой не тілегім,

Өмірге ерте келгенмін өкінемін.

Мені тастап лайнер де ұшып кетті,

Портта оңаша жыр жазып отыр едім.

Қайдан інім келесің, ауылдан ба,

Деп сұрады-ақ көңіл қауымнан да.

Шалкөдені сағыныш шаршап тұрмын

Ауасы да ем болар ауырғанда.

Бақыттысың,

Туған жерден сен бүгін ораласың.

Ал мен болсам аңсаймын доланасын.

Туғанымдай талайлар болды менің,

Құрметтеп берді де қонағасын.

Жел ескендей болды ғой ана қырдан,

Басылды-ау деп көңілім манағыдан.

Ақын ағам өтінді дәм татқыз деп,

Студенттің портвейн коньягінен.

Бұл құрғырдың бар-ау деп жылтырлағы

Өзге ағысқа өлеңмен бұлтарды үні

Өмір жайлы толғанып асқақтады

Жалғасып бір жырымен іңкәрлілігі.

Содан кейін ақынмен кезікпедім

Ой салар деп бұл дағы сезіп пе едім

Қалды күтіп келесі рейсті ол

Қайғысы көп екен деп сезіктендім.

Ақындарға пенделер күлгенд ей кеп

Қасқыр ұлып ішімде ит үргендей көп

Іздей қалсам сол Мұқаң түседі еске

Самолетке кешігіп жүргендей боп.

Оқыр күндес өлеңін қақсап тұрып

Ащы бір жас өкінтіп, елжіретіп

Мөлдірейді жанарға шақ-шақ тұнып.

Келер күннің Мұқаңа сыйы бөтен,

Бірақ сүю мұңыңмен қиын екен.

Ғұмырында қайғырып өткен ақын

Өлгеннен соң соншама биік екен.

Өлді бәрі өзгеше өлеңі де,

Кітабының өзгерді көлемі де.

Қарасаздың қойнына қайта тұрып,

Мұқағали мұны енді көреді ме?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір