ТӘРБИЕ ТЕТІГІ – ТАБЫСТЫ ҮШТІК
Мектеп — отбасы – қоғам арасындағы байланыс нығайып, серіктестік дұрыс жолда қалыптасса баланы парасатты тұлға ретінде тәрбиелеу мәселесі күн тәртібінде болмас еді. Осы үштіктің арасындағы байланысты оңды жолғақою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан бірлестіктің Алматы қалалық филиалы №164 мектептің ата-аналарын жинап, «Тәрбие тетігі – табысты үштік» тақырыбында семинар өткізді. Қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, олардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, психологиялық-педагогикалық жағынан қолдау көрсету мақсатында жұмыс істеп келе жатқан бірлестіктің негізгі мақсатымен танысқан соң жиналғандар психолог Қуаныш Қуатқызының дәрісін тыңдады. Дәріскер Z ұрпақтың жастарын тәрбиелеуде талап пен талғамның ерекше болуы шарт екендігін, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне араласпаса оны ортасы тәрбиелейтінін жеткізді. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойған ата-аналар ұтымды пікірлерін де білдірді. Отбасы болсын, мектеп, қоғам болсын қай-қайсысы да өз міндеттерін дұрыс атқарса оң нәтиже шығатыны ақиқат.