Республика күні марапаттар табыс етілді
Биыл Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында өтті. Сондай-ақ талай жылдан кейін үлкен дәрежеде аталып өткен осы күнге орай біраз қаламгерлерімізге атақ беріліп, ордендер мен медальдар, мемлекеттік маңызы ерекше сыйлықтар табысталды. Әдебиет пен өнер саласындағы әріптестерімізді құттықтап, оларға шығармашылық табыс тілейміз.

Жазушы Кәдірбек Сегізбай – «Тағдыр толқыны» романы үшін;
Ақын Ғалым Жайлыбай – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
Режиссер Нұрқанат Жақыпбай – «Жібек» мюзиклі үшін;

Жазушы Тұрысбек Сәукетаев – «Желқайық» романы үшін;
Әнші Кенжеғали Мыржықбай – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;
Мүсінші Сембіғали Смағұлов – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;
Композитор Секен Тұрысбек – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.
Биыл сексен жасқа келіп жатқан, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековке президент «Еңбек Ері» атағын берді.

Мұрат ӘУЕЗОВ – І дәрежелі «Барыс» ордені;
Мереке Құлкенов – І дәрежелі «Барыс» ордені;
Өтеген Оралбаев – ІІ дәрежелі «Барыс» ордені;
Бауыржан Жақып – «Парасат» ордені;

Раушан Бүркітбаева – «Парасат» ордені;
Дүкен Мәсімханұлы – «Парасат» ордені;
Қорғанбек Аманжолов – «Кұрмет» ордені;
Абзалбек Бөкенов – «Құрмет» ордені;
Төкен Әлжантегі – «Құрмет» ордені;
Үміт Битенова «Құрмет» ордені;
Көсемәлі Сәттібайұлы «Құрмет» ордені;
Әміре Әрін «Құрмет» ордені;
Танакөз Ілиясова «Құрмет» ордені;
Эрнест Төреханов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
Бейсенбай Сүлейменов – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
Любовь Шашкова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Өріс Яшкүрова – «Ерен еңбегі үшін» медалі;

Дәрібай Сәтжан «Ерен еңбегі үшін» медалі;
Марат Тұрсынов «Ерен еңбегі үшін» медалі;
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен
Ғалым Қалибекұлы;
Зәуреш Қанапьянова;

Толқын Исқақова марапатталды.

Құрмет Грамотасымен;
Сейітханза Сламхат марапатталды.

Марат Тұрсын Сәбдікен
Газетіміздің аrt-редакторы Марат Сәбдікен (Тұрсынов) Республика күні қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әріптесімізді құттықтаймыз!