Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушылар байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың республикалық байқауы өтеді.
Шараға облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда тұратын, түрлі конкурстардың жеңімпаздары атанған Қазақстан Республикасының дәстүрлі әншілері қатысуда.
Гран-при иегерлерінің, жеңімпаздар мен байқау лауреаттарының қатысуымен Гала-концерт 2022 жылдың 19 қазанында сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филамониясының Үлкен залында өтеді.