Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті кітапхана қызметкерлері!
15.10.2022
1057
0

Сіздерді төл мерекелеріңіз – «Кітапханашылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кітап – теңдесі жоқ байлық. Халық мақалы бар: «Қаламмен жазғанды, қылышпен өшіре алмайсың» деген. Әл-Фараби бабамыздың, басқа да тұлғалардың, тарихи деректер мен құнды дүниелерді өздеріңіз сияқты қарапайым, білім сүйер мамандардың арқасында мыңдаған жылдарды артқа тастап, бізге жетіп отыр. Ғасырды ғасырға жалғап отырған алтын көпір иелері – өздеріңіз.
Кітапхана – қаншама жастардың өміріне, болашағына зор ықпал етіп, жақсы бастамаға, жарқын болашаққа жол ашып жатқан рухани қазына ордасы, білімнің киелі шаңырағы.
Әр кітапты көздеріңіздің қарашығындай сақтап, кітапханаларды жаңартып, оқырмандарға бар жағдайларын жасап жүрген еңбектеріңіз жансын. Зор денсаулық, қызметтеріңізге жеміс, істеріңізге табыс, тек жақсылық тілейміз сіздерге. Абыройларыңыз арта берсін!

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:

Қазіргі уақытта «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 26 кітапханадан тұрады: А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапхана, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, С.Бегалин атындағы қалалық орталық балалар кітапханасы, және 23 кітапхана филиалдарының ішіне И.А Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан жазушылары кітапханасы, 13 көпшілік және 7 балалар кітапханасы, «ALATAU CREATIVE HUB» кіреді.

Қазіргі уақытта ОКЖ кітапханалары кітапті сақтау және ақпарат берумен шектелмейді, олар кітап оқуды және кітаптарды насихаттауға бағытталған.

ОКЖ кітапханаларында дәстүрді нығайту, мәдени құндылықтарды таратылымын қамтамасыз ету және адамдардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлес қосуда.

ОКЖ кітапханаларының материалдық -техникалық базасын нығаюы, пайдаланушының заманауи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай жасауда. ОКЖ кітапханаларында компьютерлендіру және автоматтандыру процестері жалғастырылуда.

Кітапханаларда интернет желісі көпшілікке қолжетімді. Пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. ОКЖ кітапханалары жаңа технологияларды пайдалануы оқырманға әр түрлі қызметтерді алуға мүмкіндік береді және оларды кітапханаға тартады.

ъ

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір