КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН КӨРМЕ
28.09.2022
353
0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Mondial Art Paris» академиясының академигі, Қазақ­стан көркемсурет академиясының академигі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, білікті ұстаз, қылқалам шебері Бауыржан Нұрбекұлының 60 жасқа толу мерейтойына орай Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Туған ел» атты жеке көрмесі өтті.

Көрмедегі көзге түсетін туындылардың бірқатары – тұлғалы портреттер. Т.Жүргеновтің, ­Б.Момышұлының, А.Әшімовтің, Н.Нүсіпжановтың белгілі суретшілер – Х.Наурызбаевтың, М.Кенбаевтың, Қ.Телжановтың, Е.Серкебаевтың, т.б. тұлғалардың портреті көпшіліктің назарын ерекше аударды. Қылқалам шебері суретшілерге арналған портреттерді кейіпкерлердің қолтаңбасын айшықтайтын артқы фондармен үйлестірген. Бейнелеу өнері саласын өркендетіп, елеулі үлес қосып келе жатқан Бауыржан Нұрбекұлының «Жолаушы», «Үшқоңыр» туындылары алыс шетелдерге асып, қазақ жерінің табиғатын өзгелерге танытып келеді. Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал» рөліндегі портреті суретші шығармашылығын тағы бір қырынан көрсетті. Сонымен қатар оның «Көкпар», «Қақтығыс», «Қыз Жібек» графикалық туындылары да көпшілікке мәлім. Өз халқының құндылықтары мен тарихына, ұлттық пәлсапасына деген қызығушылық суретшіні үнемі ұлттық тереңдікті суреттеуге ұмтылдырып келеді.
«Туған ел» көрмесі Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде қазан айының он екісіне дейін жалғасады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір