Көпті қызықтырған көрме
05.08.2024
21
0

29 шілде күні Esentai Mall сауда кешенінде жас зергер Абзал Молдабектің зергерлік бұйымдары топтастырылған көрме өтті. Алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды қазақы нақышта жасап жүрген қолөнер иесінің туындылары көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырып келеді.

«10 жылдық еңбегімді қорытындылау мақсатында ұйымдастырған көрме жоспарлағандай өте сәтті өтті. Швейцария, Франция, Ресейден қонақтар келді. Бәрінің алдында жаңа коллекцияны таныстырдым. Жаңа коллекцияда Қарлығаш топтамасының екінші нұсқасын неоклассикалық этномодерн стилінде жасап көрсеттім. Бұл формат Қазақстанда бірінші рет жасалып отыр. Бұндай авторлық көрме жасау маған бұйырған екен, қолымнан келді. Сыйлап келген барша жанашыр ағайынға мың алғыс!» – дейді көрме авторы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір