БІРЛІГІМІЗ ӘРҚАШАН БЕКЕМ БОЛСЫН!
Бұл Жолдауында Мемлекет басшысы қасыретті қаңтар оқиғасына қатысып, тұтқындалғандардың бостандыққа шығатындығын жария етті. Алайда өте ауыр қылмысқа барғанадар мен мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті тартып алуды көздегендерге ешқандай жеңілдік берілмейтінін ескертті.
Қазақ қоғамы осы күні қазақ халқының (бұның ішінде өзге ұлт өкілдері де бар) бірлігіне аса зәру болып тұр. Бірлігіміз әрқашан бекем болсын! Әйтсе де, қаңтар қасыретін қолдан ұйымдастырып, елдің еркін, талап-тілегін басқа арнаға бұрып жіберуге ұмтылған күштерге сенің бірлігің де, берекең де керек емес. Иә, олар да қаңтар дүрбелеңінде қолға түсіп, істі болып жатыр. Біз қаңтар қаһармандарының басына азаттық тілегенде, содыр-сойқандарды да, сол содыр-сойқандардың жақтастары ішімізде жетіп-артылатынын да ойлауымыз керек. Сондықтан құр дүрмекке ере бермей, ендігі тергеу ісінің әділ әрі пәрменді жүруіне жақ болғанымыз жөн.
Дәурен ҚУАТ