Бар мейірім балаға
31.08.2022
433
0

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», — деген дана xалқымыз. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазақ халқының асыл қасиеттерінің бір – қарапайымдылық пен ізгілікті бала бойына сіңіруде осындай игі істерді ұйымдастыру баланы мейірімділікке, еліне, қоғамға риясыз адал қызмет етуге баулитыны анық.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі-адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Адамгершілік жиынтығы борыш болып табылады. Яғни:   

— адамның адам, қоғам алдындағы борышы;

-ата-аналардың балалары алдындағы немесе баланың ата-ана алдындағы борышы;

— жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы.

Адамгершілікке тәрбиелеу-жақсылық атаулыға деген сезімді ояту, болашаққа қамқорлықпен қарау. Орыс ағартушысы Н.Г.Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы істері мен әрекеттері- еңбек-деп есептеген. Ол жасөспірімдерге, болашақ қоғам қайраткерлеріне, шынайы халық  мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік. Міне, бүгінгі мақалама да арқау болып отырғанда мектеп оқушылары мен ата-аналар, ұстаздар қауымының жылдан жылға ұласқан игілікті істері болып отыр.

Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «2022 жыл-Балалар жылы» болып жарияланды.  Іс шараның мақсаты- балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Осы орайда ұйымдастырылып жатқан ауқымды іс –шараларда аз емес. Атап айтқанда, Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Balafest» фестивалі өтіп, мектеп оқушылары түрлі байқаулардан жүлделі орындарды иеленді.

Биылғы 2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы «Бар мейірім балаға» республикалық акцияларын жүзеге асыруда жалпыға міндетті оқу қорынан көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған, қамқорлыққа алынған 75 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Ал демеушілерден көмекке мұқтаж 2 отбасына мектеп формасымен, оқу құралдары сыйға берілді. Айта кетейік мектебімізде рухани-адамгершілік тәрбие бағытында  қайырым­дылық акциясын өткізу  жылдан жылға үрдіске айналғаны аян.

Жақсылық жасау – иман­дылық­тың, парасаттылықтың, тәрбиеліліктің, айқын көрінісі десек, «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса», – деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық акциялары  тәжірибесі ретінде жүзеге асуда.

Кішкентай балапан жүректердің жарасына дауа таба білсек, сол біздің жетістігіміз, игі амалдарымыз болары хақ. Олай болса, жақсылық жасау, бір-бірімізге қуаныш сыйлау, қадірлеу, құрметтеу бала тәрбиесіндегі біздің басты міндетіміз.

Игі істі жүзеге асыруда ат салысқан ата-аналар мен ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз!  Ата -бабаларымыздан мұра болып қалған жомарттықтың иесі бүгінгі ұрпаққа  жақсылық жасаудан жарысайық дегім келеді.

 

Жақыпбекова С. Н.

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір