Шолпы-жырдың сыңғыры
12.03.2022
271
0

Шымкент қаласындағы  әл-Фараби атындағы кітапханада Халықаралық  «Алаш»   әдеби сыйлығының, «Құрмет»  орденінің иегері, белгілі ақын Баян Бекетованың жуырда жарыққа шыққан «Шолпы» атты  жыр жинағының тұсауы кесілді.

Кешке жырсүйер қауыммен бірге белгілі қаламгерлер келіп қатысып, ақынға ақжарма тілектерін жаудырды. Әнші Заттыбек Көпбосынұлы ақынның сөзіне жазылған «Ақмаржан» әні мен «Балапан-бақыт» әнін шырқап, жиналған қауымды әсем көңіл күйге бөледі.
Өзге де әуесқой сазгерлер мен әншілер ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің көркін кіргізді. 

 «ҚАҚПА АЛДЫНДАҒЫ ҚАРАӨЛЕҢ»

Жуырда «ASPAN» баспасынан ақын  Ержан Тоқтардың «Қақпа алдындағы қараөлең» атты жыр жинағы жарық көрді. Ақынның туған жердің тұмса табиғатын, атажұрттың арда болмысын, тарихи тұлғалардың кесек кейпін тебірене суреттеуінен елге сүйіспеншілік пен ерге құрметтің үздік үлгілерін байқауға болады. Өмірге құштарлық пен жалынды сезімдер, адалдық пен адамгершілік өлеңдерінің тұғырына айналған автордан талантқа тән талғампаздық та, нағыз ақынға жарасымды аңғалдық та аңғарылады. Сырлы сезім мен өршіл рухқа толы жырлар арқау болған кітап көпшілік оқырманға арналған. 

Нұрсана ҚАНАҒАТҚЫЗЫ,
174 мектеп-гмназияның 11-сынып оқушысы

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір