ЖОҒАЛҒАН ЖЫРЛАР
26.02.2022
356
0

Оксфорд университетінің лингвистері мен тарихшылары: «Ортағасырлық кезеңдегі ағылшындардың  батырлық, рыцарьлық тарихы (түпнұсқадағы) жоғалған», – деседі. Бірнеше жүз жылдар бұрын жойылған бұл эпостар исланд, ирланд тілдерінде сақталған. 

Ғалымдар табиғатта жоғалған тіршілік иелерін санамалайтын статистикалық методты қолдана отырып зерттеу жүргізген. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесі де ежелгі эпостардың мүлде сақталмағанын дәлелдеген.

«Ағылшын тіліндегі ортағасырлық кезең әдебиетінің  жойылуын Генри VIII тұсындағы монастырдың құлдырауымен байланыстырғанбыз. Бірақ батырлық дастандар монастырдың кітапханасындағы каталогта да мүлдем аз кездеседі. Басқа себептерді сол тұстағы ағылшын тілінің қандай үстемдікте болғанынан іздеу керек шығар», – дейді профессор Дэниел Сойер.

Ирланд, исланд тілдері арқылы «аман сақталған» әдеби мұрағаттар құнды жәдігерлердің көшірмесін жасап қою дәстүрін қалыптастырды.

Нұрсана ҚАНАҒАТҚЫЗЫ,
174 мектеп-гмназияның 11-сынып оқушысы

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір