ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ЖОЛЫ
03.06.2022
243
0

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы жаңғырту контексіндегі Еуразиядағы этностар мен мәдениеттер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған іс-шараға елордалық Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктерінің, ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының өкілдері, ғалымдар, этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы сарапшылар мен қоғам қайраткерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, мектеп мұғалімдері және республика мұражайларының қызметкерлері (Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Отырар, Ақтөбе, Орал қалалары) қатысты.
«Міндеттерді бірлесе шешу – қоғамдағы тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының өзегі болып табылатын түрлі этнос өкілдері арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға мүмкіндік береді», – деп, атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі, С. Сейфулин атындағы ҚазАТУ гуманитарлық факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты Б.Аяпбергенов.
Астана қаласының Өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов алдағы референдум және ҚР Конституциясына ұсынылған түзетулер бойынша мәселелерді қозғады.
Конференцияға қатысушылар тарих, саясаттану, философия, этнология, этнография, археология, мәдениеттану, әдебиет саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Этносаралық және конфессияаралық келісім, Еуразия этностарының мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне, этно-әлеуметтік және діни процестерге назар аударды.
Конференция жұмысының негізінде осы тақырып бойынша ғылыми еңбектердің электронды жинағы шығарылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір