Алакөлде сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
16.05.2022
280
0

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы. Осыған орай, Алакөл аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бастауымен аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Қ.Қысталасова және Үшарал қалалық қоғамдық кеңесінің төрайымы Ғ.Абейталипова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастыру жөнінде Ақтүбек ауылдық округінің жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілерінің қандай жағдайда пайда болатындығы мен оған жол бермеудің қарапайым әдістері туралы ақпарат беріліп, үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді. Сондай – ақ, жиында ауыл жастары сыбайлас жемқорлықтың халыққа қызмет көрсету орталықтарында жиі кездесуіне байланысты бірқатар сұрақтарын қойып, ой – пікірлерімен бөлісті.

Өз кезегінде штаб мүшелері тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарға Заң аясында жауап беріп, өтініш – тілектерін назарға алды.

Қасиет Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір