Құқықтық білім беруді жетілдіру жолдары талқыланды
06.05.2022
621
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтіп, онда еліміздегі сот-құқықтық реформалар мен құқықтық білім беруді жетілдіру жолдары талқыланды.

ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама комитеті өкілдерінің көпшілігі университет түлектері. Олар ситуациялық басқару орталығына, Экономика және бизнес жоғары мектебі мен заң факультетіне барып, оқытушы-профессорлық құраммен және білім алушы жастармен кездесті.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаев қатысушыларды құттықтап, бүгінгі мемлекет өмірінің барлық саласында жүзеге асырылып жатқан демократияны қалыптастыруға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков өз сөзінде кездесуді ұйымдастырған оқу орнына алғысын білдірді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында Владимир Волков Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында айтылған құқықтық білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Комитет, заңнамалық деңгейде кешенді шешімді талап ететін еліміздің ЖОО мен заң қауымдастығының заң білімінің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын жинақтап, талдау жүргізді.

«Бейінді министрлік жоғары оқыту сапасы төмен оқу орындарын қысқартып, «Құқық» бағыты бойынша біліктілік талаптары күшейтті, бейіндеу, бейінді емес және сұранысы жоқ лицензияларды қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта жұмыс жалғасады», – деп атап өтті спикер.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі заң білімінің жай-күйін талдау және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, жоғары оқу орындарын бейіндеу бағытында бірқатар шаралар қабылданды, оның ішінде: бейінді жоғары оқу орындарының оқытушыларына қойылатын біліктілік талаптарын күшейту, білім беру бағдарламаларының реестіріне кеңейтіп, оған келесі инновациялық ББ енгізу: цифрлық криминалистика, IT саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, екі шет тілін білетін жасыл экономика құқығы және т.б. Заң білімін жаңғыртуға бағытталған шаралар қатарында министр салалық біліктілік шеңберінің және «Заңгер» кәсіби стандартының жобаларын әзірлеуді, білім беру бағдарламаларын өзектендіруді, салалық мемлекеттік органдардың (ІІМ, ӘМ, БП, ЖС) және жұмыс берушілердің кадрлар даярлауға міндетті қатысуын және т.б. ұсынды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаев өз сөзінде 70 жылға жуық уақыт бойы университетте заңгерлерді даярлау табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады.

«–Осы жылдар ішінде заң факультетінде тұтас білім беру-ғылыми экожүйе қалыптасып, 30 мыңнан астам маман даярланды. Қазіргі уақытта «Құқық» бағыты бойынша ASIIN, AQUIN, AQA, FIBAA және НААР сынды агенттіктерде аккредиттеуден өткен бакалавриат, магистратура және докторантурада 20-ға жуық білім беру бағдарламасы іске асырылуда.» – деді ректор.

Ағымдағы жылы «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша QS by Subject әлемдік рейтингтің 151-200 тобына енді. Қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, біз мемлекеттің қоғамдық-құқықтық өмірінің осы заманғы талаптары мен болмысын ескере отырып, заң білімін одан әрі жаңғыртуға ұмтыламыз».

Заң білімін жаңғырту бойынша қажетті шаралар шеңберінде университет басшысы Жансейіт Түймебаев білім беру жүйесі мен заң қызметіне «Құқық» бағыты бойынша кәсіби стандарттарды, жетекші шет елдердің тәжірибесі негізінде заң саласының кадрларын даярлаудың көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді және енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ол білім беру бағдарламаларына 3-4 курс студенттері үшін үздіксіз тәжірибе мен кәсіптік стандарттарды және шет елдердің үлгісі бойынша магистратура және докторантураның кәсіби бағдарламаларын енгізуді ұсынды.

Отырыс барысында құқық қорғау органдары академиясының ректоры Тимур Сүлейменов, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ ректоры Сергей Пен,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Еркін Оңғарбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдинов және тағы да басқалар сөз сөйледі.

Маңызды жұмыс кездесуі аясында спикерлердің баяндамалары талқыланып, қатысушылар сындарлы ұсыныстар жасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір