«Ақын үні» атты кеш өтті
Жақында Алматы қаласындағы №29 кітапханада филология ғылымдарының кандидаты, профессор, жазушы Салтанат Айбергеновамен ақын Төлеген Айбергеновтың 85 жылдығына орай «Ақын үні» атты кездесу кеші өтті.
Кездесуге Халықаралық Дүние таланттар одағының президенті, ақын, аудармашы Дана Дәулетова, ақын, сазгер Жолдыбай Мұзаппаров, ақын, сазгер, жырау-фольклортанушы, бірнеше әннің авторы Гүлжанат Мұхамеджан, дәстүрлі әнші Гүлжайна Хибатоллақызы қатысты.
№145, №40 мектептердің 2-сынып жетекшілері Назира Әлдипанқызы мен Бекшоинова Райгүл Солтанбекованың оқушылар ақынның жыр жолдарынан үзінділер оқып, кеш қонақтарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Ақынның қызы Салтанат Айбергенова оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің кішкентай кезіндегі кітапқа деген құмарлығын, әкесінің шығармашылығы туралы әңгімелеп, балалық шағының естеліктермен бөлісті. ақындық жолына деген сүйіспеншілігін кеште өлеңдерін оқи отырып білдірді.
Іс шара соңында кітапханада ұйымдастырылған «Мерей той иелері» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.