Қазақтың Ұлы жазушысы
14.03.2022
1211
0

9 наурыз күні Қазақстан жазушылар кітап­ханасында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы және Әуезов ауданының 50 жылдығына орай «Қазақтың Ұлы жазушысы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кітапхананың оқу залында ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты көрме оқырман назарына ұсынылды. Әуезов ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлының құттықтау сөзімен басталған конференцияны Филология ғылымының докторы, ҚЖО Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып жүргізді. Іс-шара қонақтары Мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, әдебиет­танушы-ғалым Қанипаш Мәдібай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабаев пен «М.Әуезовтің Мұражай-үйі» Мәдениет орталығының директоры Дияр Қонаев Әуезовтің туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Филология ғылымының докторы, профессор, мұхтартанушы ғалым Гүлзия Жайлауқызы Пірәлиева «Қазіргі Мұхтартану мәселелері» бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш «Ұлы жазушының балаларға арналған туындылары» жайында сөз қозғады. Ал белгілі кино және театр актері Болат Әбділманов «Абайдың жұмбағы» спектаклінен монолог оқып, көпшілікті тәнті етті. Конференция барысында колледж студенттері мен мектеп оқушылары Әуезов шығармаларынан үзінді оқып, Ұлы жазушының ұлы Мұрат Әуезовке көкейкесті сұрақтарын қойды. Кітап- хана меңгерушісі Е. Жамелқызы «Мұхтар Әуезов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, таныстырды.

Айгерім ТАНКЕБАЕВА,
Сарыбұлақ орта мектебінің
11-сынып оқушысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір