ДӘЛ ОСЫ КҮНІ ТУҒАНМЫН!
20.12.2021
1042
0

Тәуелсіздік күні дүниеге келгенімді мақтан тұтам. Осы елде туып-өстім, білім алдым, жұмысқа тұрдым. Міне, өзім де өмірге ұрпақ әкеліп, өсіп-өніп отырмын.

Қазақы ортада бойжеттім. Достарым түрлі ұлт өкілінен. Елімді, Қазақстанымды жақсы көрем. Өзім тележурналист болғандықтан, тәуелсіздік күнін ылғи халықпен бірге, телеарнада қарсы алам. Күллі жұртты алғашқы болып, таңғы бағдарламадан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Осының өзі мен үшін зор мәртебе, мақтаныш!

Айтпақшы, қазақ тілін бала күнімнен білем. Өзгелер де мемлекеттік тілді білсе, қазақ тілін құрметтесе деген тілегім бар. Міне, тәуелсіздіктің құрдастары отызға толды, яғни, тәуелсіздіктің қадірін білетін, ұлтын, мемлекетін, тілін сүйетін бір толқын өсіп-өнді деп ойлаймын. Демек, неге біз бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлеспейміз? Отыз жылдық мерекеде айналама, құрдастарыма осы сауалды қойып, бір қорытынды шығарғым келеді!

Ирина ТЕН,  журналист  

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір