Алматының ең үлкен сауда орталығында домбырашылар флеш-мобы күй шашу тарту етті.
30.11.2021
428
0

 1 Желтоқсан- ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы  Күні қарсаңында  оңтүстік астананың жүздеген тұрғындары мен қонақтары «Апорт молл»  сауда-  орталығында Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  домбырашыларының халық аспаптар флешмобын  тамашалады.

 Жиналған көрермендердің алдында Зияткерлік мектебінің  «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрі  әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерімен қатар, танымал композиторлар Нұрғиса Тілендиев пен Әбдімомына Жілдебаевтың   туындыларын орындады.

  Көрермендер Н.Тілендиевтің «Аққу», «Ата толғауы», А.Жілдебаевтың «Ерке сылқым» күйлерін жылы қарсы алды. Домбырашылардың флешмобын мектептің вокалистері  қолдады. Мерекелік шара қарсаңында «Жұлдыздар жарқырайды» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында 1-ші орынға ие болған «Rahym’ s club»  хореографиялық ансамблінің  билері мерекелік концертке ерекше айшық берді.

Алматы NIS-тің  10 сынып оқушысы Богдан Миронов алғаш рет ауқымды шараға қатысып, оркестрмен бірге күйлерді орындағаннан ерекше әсер алғанын айтады:

Мен 7-ші сыныпта Зияткерлік мектеп қабырғасында домбыра тартуды үйрендім. «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрінде биылдан бастап ойнап жүрмін. Күйлердің барлығы маған өте ұнайды. Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғау» күйі  ерекше толғандырады,- деді зияткер.   

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір