Алакөл ауданында сәулетті «Көркем–2» балабақшасы ашылды
30.11.2021
200
0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алакөл ауданында сәулетті жаңа «Көркем-2» балабақшасы ашылды. Алдағы уақытта жекеменшік балабақшада 150-ден астам бала тәрбиеленетін болады.

Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатты шараға Алакөл ауданы әкімі А.Абдинов, аудандық маслихат хатшысы С.Жабжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Бекболатов, аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов, Үшарал қаласының әкімі М. Сайдильдинов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ә.Садуақасов және аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Көркем-2» балабақшасының ерекшелігі көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын тегін қамтамасыз ететін болады. Сипаты мен мазмұны бөлек балабақшаның ашылуына ұйытқы болған «Көркем-2» балабақшасының құрылтайшысы А.Ортабаева жұртшылыққа өз ризашылығын білдірді.

Екі қабатты ғимаратта балаларға сапалы тәрбие берумен қатар, ой өрістерінің өсуімен білімді болып ер-жетуіне септігін тигізу мақсатында арнайы логопед, психолог және т.б. мамандары қызмет көрсететін болады.

Сонымен қатар, мекеме ішіндегі балалардың ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінуде. Мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына назар қойылуда.

Сондай–ақ, балабақша 50 маманды жұмыспен қамтуды жоспарлауда. 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды қабылдайтын орынның бағасы да қолжетімді.

Жалпы ауданда 20 балабақша бар. Оның ішінде жекеменшік сегіз балабақша бүлдіршіндерді қабылдауда.

Баланы қуантқан сәттің де қадірі үлкен болмақ.

Касиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

#Qazaqstan30
#qazaqstan30jyl

ПІКІР ҚОСУ