«Ел үлесі пәтерге» жобасының жемісі 
24.11.2021
353
0

Айдынды өлкемізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәлім-тәрбиесі мол игілікті іс-шаралар өткізілуде. 

Бүгінгі күні көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу мақсатында «Ел үлесі пәтерге» жобасы іске асырылған.   

Жобаның негізі – көп балалы, жалғызбасты мұқтаж отбасыларға баспана алып беру болып табылады. 

Айта кету керек, аудандық орталық мешіт қызметкерлері тарапынан 2019 жылдан бастап аталған жоба бойынша сегіз жанұяға тұрғын үй берілген. Осы орайда, Алакөл ауданының бас имамы Әнет Омарханұлы ақ дастархан басында аналардың басын қосып, асыл дініміздегі аналардың орны жөнінде ой өрбітті. 

Сонымен қатар ауданның бас имамы ізгілікке толы қайырымдылық шаралардың әлі де жалғасын табатынын тілге тиек етті. Өз кезегінде көп балалы аналар да қайырымды іске атсалысқан жандарға ризашылықтарын білдірді.

Касиет Арстан, 

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

#Qazaqstan30

#qazaqstan30jyl

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір