БУКЕР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕҢ ЖАС ИЕГЕРІ МАРИКА ЛУКАС КІМ?
19.12.2021
443
0

2020 жылы Халықаралық Букер сыйлығына ие болып, әлем назарын өзіне аударған Марика Лукас небәрі 29 жаста еді. Жапония, Испания, Америка сынды ірі елдерден қаншама жазушылар бақ сынаған өнер додасында суырылып алға шыққан Марика Лукас кім?

Жас жазушы Марика Нидерландияның Солтүстік Баранте аймағында қарапайым фермершінің отбасында дүниеге келді. Ол Букер сыйлығын алған «Жайсыз кеш» романын жазуға – үш жасында қаза болған ағасының өлімі әсер еткенін айтады. Шығарма алты жыл бойы жазылған. Романда голландиялық фермер отбасында өмір сүрген қыздың өмірі суреттеледі. Бірде кейіпкер өз ағасына ашуланып, оның өлім құшуын тілейді. Кенеттен ағасы жоғалып кетіп, отбасының ынтымағы бұзыла бастайды. Тылсым, бейсаналы бояулармен астасқан туынды оқырманды беймәлім әлемге енгізеді.

Марика өзінің жазуға деген қызығушылығының оянуына жергілікті кітапханадан алған  Дж.К.Роулингтың «Гаррый Потер және пәлсапа тас» романы ерекше әсер еткенін де тілге тиек еткен. Тіпті кітаптағы магиялық кейіпкерлерге қызыққан  жазушы романды жеке компьютеріне көшіріп, үнемі оқып жүрген. Сонымен бірге белгілі нидерландтық жазушы Ян Волкерстің шығармашылығы да оның өнер жолына терең дендеуіне әсер етіп, кумиріне айналғанын айтқан. Жазушының  прозалық шығармаларға ғана емес,  поэзияға деген ынта-ықыласы да зор болған. Талант иесінің бұл қызығушылығы легопедпен жұмыс жасау барысында жыр жолдары жазылған картинаны көру арқылы ояна бастаған. Ол көп ұзамай жазуға біржола бет бұру үшін оқуды тастауға мәжбүр болады. Жазушы соңғы жылдары өзіне атақ-даңқтың шуы жетсе де, қарапайым жергілікті фермадағы жұмысын жалғасытыра береді. Марина Лукас – дебютты романы үшін 2020 жылы аудармашысы Мишел Хатчинсонмен бірге Халықаралық Букер сыйлығын алып,  Нидерландияның әдебиет саласы бойынша алғашқы жүлдегері һәм Букер тарихындағы ең  жас иегер болып тарихта қалды.

Б.БӨРІХАНҰЛЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір