Өлмес рухын өлеңіне тапсырып
11.12.2015
1842
0

Баянғали Әлімжанов

Baj_agaӨз жолың

Өкінеміз бекер біз

Өтедіау деп уақытты.

Өтпей қойса нетерміз

Өтумен бәлкім бақытты!?      

                                                   

Еңбек қып  дара, толымды,

Ерекше жаңа порымды.

Өтуің керек жүгіріп,

Өзіңнің марафоныңды!                             

      

Даңғаза мен өлең       

Даңғазаға

Дарақылар сүйіне,

Қол соққанда,

Іштей күліп, күйіне,

Жер шарының

Жүгін артып, жүрекке,

Ақын қайтып келе жатты,

Үйіне.

 

Қазағымда

Ағылтегіл, көп өлең.

Көп болғасын,

Алтынымсың  демеген.

Сақтап қалған

Елдігі мен ерлігін,

Өлеңі ғой,

Қиналғанда жебеген

Жасын жырлы

Асылдардың сынығын,

Ешкім де жоқ

Ел алдында  елеген!

 

Ақындықта

Құн қалды ма?

Мұң қалды!

Қандай өлең талқыланды,

Тыңдалды.

Түгел сөздің түбін қуып,

Түгендеп,

Түсінетін

Осы күні кім барды?!

Жын қуғандай жанталасып,

Жанжақтан,

Өліпөшіп

Жарнамаға жармасқан.

Ақыпұлын

Ебін тауып өткізіп,

Әркім сөйлер

Ақылынан алжасқан.

Даңғаза мен

Дақпырт басқан заманда,

Жылтыр беттер

Жұлдыз болса май басқан,

Ой азабын

Арқалаған ақынды,

Ұғатындай

Үнсіз ғана айлы аспан!

 

Керегі не  кітап жазып,

Жыр жазып,

Жүйкеңді жеп,

Жаның қинап, құр қажып.

Жазған жырың кімге дәрі,

Кімге азық,

Келер күнің

Кірер көрің тұр қазып!

 

Ой бөлісер оқырмансыз,

Ормансыз,

Өлең сөздің

Болашағы болжамсыз.

Ақиқаты

Зерделеніп, ақыны,

Оқылатын

Орыс қандай армансыз.

Мадақ жыр мен

Мазақ жырға жол беріп,

Қазақ жыры

Қалғаны ма қорғансыз!?

 

Жақсыжайсаң

Жыр батпанын салмақтар,

Қасақана

Басқаларды ардақтар.

Өшігеді

Неге сонша өлеңге?

Өйткені онда

Иілмейтін аруақ бар!

 

Нағыз өлең

Туады ақыл, жігерден,

Тәуелсіз ол,

Жеміңнен де, шідерден,

Шын ақындар

Шығыста да, Батыста,

Бар тарихты

Таразылап түгелден,

Патшаның да

Аққарасын айырып,

Күнәһарлау

Кейіпкер ғып жіберген!

 

Тарихына

Ой жүгіртсең көп елдің,

Түртүріне

Қанығасың кемелдің,

Кейде тұтас

Патшалықты сыйғызар,

Бір шумағы,

Бірақ жолы өлеңнің!

 

Жанды баурап

Жорға тілдің бүлкілі,

Қаныңда ойнар

Найзағайдың күркірі.

Өлең сөзді

Көпекөрнеу елемеу,

Ана тілді

Кемсітудің бір түрі!

 

Көкірегі

Көрсоқырды, кереңді,

Көре алмайды

Өлеңдегі тереңді.

Ғалым атын

Жамылып ап залымдар,

Тұншықтырып

Өлтірмек пе өлеңді!?

Лаулай беріп

Өшті неге жалындар,

Күйінгеннен

Ішті неге дарындар,

Тірілерді

Өлтіріп ап үнтүнсіз,

Жоқтау сөзге

Көшті неге ғалымдар?!

 

Тоқта, ақыным

Қымбат па еді құр пікір?

Пікіршілдік пиғылдан қаш!

Тұр, құтыл!

Ақындығың рас болса,

Сатулы,

Күпіршілдік

Пікірлерге бір түкір!

 

Нағыз ақын

Бола алмайды назалы ер,

Ғайыптан кеп,

Қонған жырды жаза бер.

Оқымаса

Оқымысты оқымас,

Оқиды әлі

Аман тұрса қазақ ел!

 

Разы болып

Халқың берген бағаға,

Қарапайым

Қалпыңмен жүр арада,

Елге беріп

Құдай берген өнерді,

Ізгі ойларды

Оята бер санада!

 

Өлеңмен ел

Өркен жайып өскенді,

Өткір сөзбен

Топас тоңды тескенді.

Өлмес рухын

Өлеңіне тапсырып,

Келешекке

Көше берер көшпенді!

 

Тірліктартыс,

Жеңеді деп қай кеңес,

Жүріп жатқан

Күнде, түнде, айда егес.

Өлең бірақ,

Биік соның бәрінен,

Пендешілік

Бәсеке емес, бәйге емес!

 

Ойға шомып,

Көңіл тербеп, бағар мұң,

Лүпілдеген

Жүрегіндей ғаламның.

Поэзия

Мөлдір, жұмбақ бір әлем,

Жаратқанға

Жақындауы адамның

             

Күнәлі болсаң

Күнәлі болып

Қалдың ба жаным, байқамай,

Өмір ғой енді

Болады жұмбақ жай талай,

Қапысын таппай

Қоймайдыау қамсыз пенденің,

Сақпанын сайлап,

Қақпанын құрған сайтанай.

 

Адамның жаны

Ұқсайды мөлдір тұмаға,

Қиыршық түссе,

Лайланып батар күнәға.

Жылама, жаным,

Ешкімге және мұң шақпа,

Қайшылық толы

Тағдырды әркім ұға ма?!

 

Күнәсіз пенде

Болмайды мына ғаламда,

Ол үшін бірақ,

Жатқызба бәрін жаманға.

Тәубаға келсең,

Тазарар қайта тұнығың,

Кешеді құдай,

Құдайдың құлы адам да!

 

Қаншама қашық

Қара мен ақтың арасы,

Бір бояу емес

Ақылға салып қарашы.

Аппақ та емес,

Қара да емес адамдар,

Аралық түсте

Кешедіау ғұмыр шамасы!

 

Оңай ма іздеу,

Өмірдің биік мұратын,

Түйіртпек аз ба,

Түбіне жүрек тұнатын.

Адамның жаны

Ағын су тектес,

Лайытып барып,

Тазарып іштей тұратын!

 

Бір ғұмыр                          

Татар ақсақалы Назыйим Сэйфуллинге

 

Купеде,

Екі адамдық,

Бүгінгі сал,

Өзгеше

Түндегіден күндізгі хал.

Қыз келсе

Сырласатын  деп отырса,

Көтеріп

Төрт сөмкені кірді бір шал!

 

Сексенде

Сексеуілдей қатардағы,

Жараған сәйгүліктей

Сапардағы,

Қаңтарда қақап тұрған,

Қазан жаққа,

Ауылын іздеп барған

Татардағы!

 

Назыйим менің атым,

Назым деді,

Қазақта

Қыз аты деп әзілдеді,

Жасарып

Жанарынан ұшқын атты,

Жазылып

Әзілменен әжімдері

 Не нәрсе,

Жол тартқызған кәрі қыста,

Сыздатқан

Жүрегіңді сағыныш па?

Сары аяз сақылдап тұр,

Сықырсықыр,

Қол емес,

Ел кезетін сабылысқа!

 

Жер шіркін

Тірі жанға жұпжұмыр деп,

Татары

Қарағанды  тұр күлімдеп.

Адамға

Туған жерден ыстық не бар,

Елімді

Бір көргенім бір ғұмыр деп!

 

Бір ғұмыр бір көруім!

Не деген сөз!

Шығадыау,

Көп көргеннен кемеңгер сөз.

Шын өмір,

Тағдырталқы деген осы,

Қоспаған

Сөзге көбік, өлеңге жез!

 

Игуасу

Тау кернеп,

Тастан өрлеп,

Үңгіп асу,

Білмейтін аққан сайын

Бір жуасу.

Ең жойқын сарқырама

Жаһандағы,

Мың құлаш биіктігі

Игуасу!

Игі су,

Игі асумен үндесетін,

Үндістің

Үздіктірген  күй дуасы,

Орғиды

Бір жартастан бір жартасқа,

Ғажайып,

Табиғаттан сый бұл асу.

Жылжып кеп,

Шұңғымаға жығылатын,

Мұнарлы уақытмұңға

Мың куә су !

2bacc6c7902d

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір