«Тәуелсіздік тарландары»
02.07.2021
2451
0

Таяуда НұрСұлтан қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, бұрынғы ҚР мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі сұрақтар бойынша ресми делегациясының басшысы Гиззатов Вячеслав Хаменұлының «Өзгерістер уақыты» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға бұрын советтік барлау қызметкері болған қазақстандық дипломат туралы естеліктердің тұсаукесері «Тәуелсіздік Тарландары» жобасы аясында ҚР ПремьерМинистрінің орынбасарыҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді және министрлік ұжымы мен Сыртқы саясатты зерттеу институты басшылығы қатысты.

Вячеслав Хаменұлы өзінің кітабында совет өкіметі кезінде дипломатиялық қызметтегі барлау жұмыстары туралы жазды. Ол өзінің кәсіби мансабын Маоистік Қытайдағы «мәдени төңкеріс» кезінде, Совет-Қытай текетіресі қатты шиеленіскенде және екі социалистік ядролық держава арасында әскери қақтығыс қаупі туындаған шақта Мәскеудегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бірінші бас басқармасында бастады.

 Қазақстанның Мәскеудегі тұрақты өкілі Қанат Саудабаевтың өтінішімен Вячеслав Гиззатов тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын жасауға кірісті. 1992 жылы сәуірде іссапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі Тілеутай Сүлейменовпен кездесуде Вячеслав Хаменұлы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне орналасу туралы ұсыныс алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бір кабинетте жұмыс істеді.

Вячеслав Хаменұлының «Өзгерістер уақыты» кітабы дипломаттар мен саясаттанушыларға, сонымен қатар қоғамның қалың топтарына, оның ішінде халықаралық қатынастарды зерттейтін жастар мен студенттерге арналған. Баяндамада дипломаттың күнделік жазбалары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағаттық құжаттары қолданылады.

                                      Алмаша АРЕНОВА,

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы

Өкілдігінің Басқарма басшысы, Саяси тобының жетекшісі

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір