Назарбаев Зияткерлік мектептері мен National Geographic Қазақстанның жаңа жобасы бастау алды
31.05.2021
712
1

Назарбаев Зияткерлік мектептері мен National Geographic ұйымдары «Photocamp» бірлескен жобасын бастады. Алдағы 5 күнде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық зияткер оқушы мен фотоүйірме жетекшілері тарихы 1888 жылы бастау алған әйгілі журналдың  фотографтарынан білім алып, зерттеушілік дағдыдарын арттыратын болады.

— National Geographic — сапалы контент пен жетік тілмен ерекшеленетін үлкен жоба. Бұл — Зияткерлік мектептерімен бірлескен жұмыстың алғашқы жобасы. Курс  бағдарламасы фото өнеріне қатысты көптеген қызықты тақырыптарды қамтиды. Осы уақыт аралығында алған білімдеріңізді алдағы уақытта тиімді пайдаланып, өзге оқушылармен бөліседі деп сенеміз, — деді ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ дамыту жөніндегі департамент директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Фототүсіру әлеміне 5 күндік саяхат барысында қатысушылар танымал фото мамандарынан сабақ алып, практикумдарда білімдерін жетілдірмек. Көптеген қызықты кездесулердің бірі —неміс фотограф Герд Людвиг арнайы семинарында қатысушылар «сторителлинг» танымал жанрымен жақынырақ танысады.

Курстың ашылуында National Geographic Қазақстан өкілі Қанат Абашов журнал мен оның жұмысы туралы жалпы ақпарат беріп балалардың алдағы уақытта зерттеушілік дағдыларын арттыруына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

— Өткен жылы әлемдегі мәселелерді зерттеуге 13 мыңнан астам грант бөлінді. Оның 40 гранты Қазақстан мәлелеріне байланысты болды. Соның ішінде грант иелерінің тек екеуі ғана Қазақстанның азаматтары болды. Осы ретте, келешекте сіздер әлемдік проблемаларын 960 млн аудиторияға жеткізуге атсалысып, туған жерді дамытуға үн қосады деп сенемін, — деді Қанат Абашов.

«National Geographic»  журналы 80 мемлекетте 38 тілде таралады.  Ауқымды баспаның Орталық Азияда аймақтық шығарылымы алғаш рет Қазақстанда жарық көрген екен.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 31.05.2021 | 22:51

Бұл шараның ұйымдастырылуы маған қатты ұнады және осы шараның адам бойындағы фотоға түсіру қабілеттерін дамытатыны рас

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір