Зияткерлік мектептің жас ғалымдары ХІІ Наурыз кездесулерінде жеңіс тұғырынан көрінді
20.03.2023
199
0


Биылғы жылы дәстүрлі көктемгі байқау «Биомедицина, инженерия және технология» тақырыбында өтіп, 100 NIS оқушылары мен ауылды мекендердегі тірек мектептірінің 50 тәлімгерлерін бір алаңға жинады. Жасанды интеллект, мобильді қосымшалар, машиналық оқыту сынды денсаулық сақтаудың түрлі трендтеріне өз ғылыми көзқарастарын қосқан жас ғалымдардың ішінде алматылық химия-биология бағытындағы NIS және Ұзынағаш ауылдық тірек мектебінің оқушылары болды.


Беделді байқаудың «Жасанды ұлпалар мен мүшелерді жасау» секциясының жеңімпаздары болып мектебіміздің 10-шы сынып оқушылары Аида Оралбекова, Аяжан Сейдин танылды. Аида мен Аяжан хирургтарға күрделі тігістер жасау кезінде көмектесуге арналған жасанды медициналық материалды әзірледі. Ғылыми жетекшісі-химия пәнінің мұғалімі Шолпан Әбішева. Оқушылардың жұмысы 2023 жылғы Наурыз кездесулерінің үздік алты жобасының қатарына енді. Байқауда жобаны команданың атынан Аида Оралбекова қорғады. Дарынды оқушыға AlmaU жоғары оқу орнының гранты табысталды.
«Жеке ақпаратты қорғаумен мамандандырылған деректер базасын әзірлеу және сүйемелдеу» секциясында 3-орынды алматылық химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Тұраш Аружан, Шаканова Әйгерім, Бекмұхаметова Адель, Асанбай Инкар, Асанбай Гаухардың командалық жұмысы иеленді. Қыздар «Helzy»қосымшасын жасақтады:
— «HelZy» — медицина секторандағы таптырмас көмекшісі ретінде адам денсаулығын бақылау, соның ішінде дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау, сынақтар мен медициналық деректерді сақтау, пайдалы әдеттерді қалыптастыру сияқты функцияларды қамтиды, — деді әзірлеушілер.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір