Наурыз кездесулерінің қатысушылары пластикке екінші өмір сыйлайды
18.03.2021
534
0

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде дәстүр бойынша көктемнің басты мерекесі қарсаңында Наурыз кездесулері өтіп, республиканың барлық өңірлерінен NIS және жалпы білім беретін мектептердің 400-ге жуық жас өнертапқыштарды бірыңғай диалог алаңына жинады.  Ауқымды шара жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында зерттеу қабілеттерін дамытуына,  оларды ғылымға тарту және білімін тереңдету мақсатында өткізіледі .

Наурыз кездесулері ғаламшарды пластиктен құтқару мен адамзатқа экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбы аясында қашықтықтан жұмыс істей бастады, бірақ бұл қатысушыларға ғылыми шығармашылықтың қызықты әлеміне енуіне кедергі болмады.

Бір апта ішінде оқушылар дәстүр бойынша шетелдік және қазақстандық спикерлермен пікір алмасты, Назарбаев Университетінің профессоры  Даниэль Този, “Open Mind Technologies” пластикті қайта өндіру компаниясының қалаушысы Данияр  Бакимов,  Phd  доктор Азамат  Ешмухамбетовтың пайдалы вебинарларын тыңдап, аты аңызға айналған National Geographic фотографы Мэнди Баркермен   кездесті.

Қашықтықтағы сұхбатты теңіз пластик қалдықтары жайындағы деректі жылнамасы үшін әлем мойындаған Мэнди оныншы Наурыз кездесулерінің қатысушыларына жаһандық экологияның өзектілігін осы бірегей материал ойлап табылғаннан бері бірде-бір пластикалық заттың ыдырамағандығымен растауға болады деп бастады.

«Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» атты X Наурыз кездесулері аясында ұйымдастырылған экологиялық челленджде  Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ғаламдық проблемаларды шешу жолдарын ғылыми жобалары арқылы көрсетіп, жершарының экологиясын сақтап қалудағы өз азаматтық жауапкершіліктерін көрсете білді.

Оқушылар үшін ең күткен кезең- қоқысты жинауға бағытталған экороботты құрастыру болды. Осы бағытта НЗМ қабырғаларында  жас өнертапқыштар    жобалау жұмысын жүргізді. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде  NIS оқушыларымен қатар қаланың орта мектептерінің жас өрендері   шеберлік  сағатына қатысты.

N155 жалпы білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Нигара Реимжанова айтқандай, Наурыз кездесулеріне қатысу оның өміріндегі жаңа белес болды.

— Бұған дейін мен робототехника, прототиптерді құру бойынша ғылыми жобалар туралы тек естігенім бар, сырттай қызығушылық танытып жүргенмін. Енді  өзім жасай алуға үйренетініме өте қуаныштымын және болашаққа  үлкен үміт артамын. Мен үшін Наурыз кездесулеріндегі  танымал лекторлар жүргізген вебинарлар    жаңа әлемді  ашқандай болды. Келешекте мен роботтарды   жасауды мақсат еттім, — деді оқушы.   

Экоробот құрастыру  жұмысы болашақ роботтың  Skillworks бағдарламасы арқылы 3D моделін жасауымен басталды.  Лазерлік принтерде эскиздердің пластикалық жабдықтарын  шығарып алып, оқушылар құрастыру жұмыстарына кірісті. Шығармашылық сағаттарда алған білімдерін ортаға салып, топтық жұмыс нәтижесінде экоробот жиналып, бағдарламау тестінен өткізілді. Осылай әлемді қоқыстан сақтайтын экоробот прототипі алғашқы қадамдарын NIS зертханасында жасады.

— Біз шығармашылық жұмыс аясында физика, информатика, графика пәндерінен жинаған білімдерімізді ұштастыра отырып роботты қалай жасауға болатыны туралы көп мәлімет алдық. Біз үшін Наурыз кездесулерінің ең құнды сабағы осы болды,- деді Зияткерлік мектептің 11 сынып оқушылары, оқу озаттары Айжар Күденова мен Аружан Сүлейменова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір