ТАРИХЫМЫЗДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ ЖОЛЫН НҰСҚАДЫ
15.03.2021
436
0

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын «Егемен Қазақстан» газетінен бастан-аяқ оқып, рухтанып қалдым. Себебі, бұл мақала – өзін қазақ санаған және Қазақстан Республикасының азаматы санаған әрбір тұлғаны рухтандыратын, жігер сыйлайтын пайымға толы дүние деуге болады.

Президентіміздің дәл осы атаумен жарық  көрген мақаласы жаңа жылдың алғашқы күнінде, сондай-ақ, жаңа онжылдықтың алғашқы күнінде жариялануының да ерекше мәні бар деп ойламйын. Өйткені, Презиндент бұл мақаласында алдағы жылда және алдағы он жылдықта  біздің идеологиямыздың басым бағыт-бағдарын айқындап беріп отыр.

 Әрине, Тәуелсіздік, шынында, бәрінен қымбат. «Сол қымбат құндылығымызды сақтап қалудың жолы қандай?» деген сұрақ әрбір саналы азаматты толғандыруға тиісті. Бұл ойды Президент айтса, оның іске асырылу тетіктерін көрсетіп отырса, біздің идеологиялық бағыттағы атқаратын шаруамыздың да нақтылыққа қарай ойысатынын бағамдауға болады. Көршілес, өздерінің үстемдігін жүргізіп үйреніп қалған мемлекеттің кейбір ресми тұлғаларының түрлі әңгімелерді айтып, қазақ қоғамындағы  ұлт жанашырларының ашуын туғызғаны белгілі. Елімізідің кейбір азаматтары оларға қанша жерден жауап бергеннің өзінде де, Президенттің осы мақалада берген жауабы оларға жеткілікті түрде тосқауыл болды деп айтуға болады. Сондай-ақ, Тәуелсіздікті баянды етудің жолы – халыққа «тарихсыз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ» екенін сезіндіру, тарихи ұлттық санамызды жаңғырту екенін президент шегелеп айтты һәм осы бағытта ұлттық тарихымызды  жазу ісін қайта қарастыруды тапсырғанын ерекше атап өтуімізге болады. Тарихтың ықшамдалған түрін әлем тілдеріне аударып, біздің кім болғанымызды, тарихымыздың тереңдігін және біз аспаннан салбырап түсе салған ел емес екенімізді танытудың жолдарын атағаны – үлкен дүние. Ең бастысы, сол тарихтың өз ғалымдарымыздың қолымен жазылуы және солай болуға тиіс деп Президенттің нығырлап айтуы – кеткен есемізді қайтарудың ең бір төте жолы. Осы аталмыш тарихи құндылықтар фильм болып түсіріліп, мұның ұрпағымыздың санасын тәрбиелеудегі рөлін айрықша атап, мемлекет қаржысымен түсірілетін фильмдердің көпшілігін осы жолға ден қоюға тиіс дегені де – тарихи идеологиямызға жасалған игі істердің нақты көрінісі. Жалпы ел басқарушы тұлғаның әрбір сөзі мен ісі сол мемлекеттің әрбір адамына, халқына үлгі.

Әр мерекеде біздің Президентіміз енді не жариялайды екен деп, қадамын бағып отыратындай хәлге жеттік. Мәселен, кеше Халықаралық әйелдер күнінде Презиндет қазақтың тазысымен серуендеп жүргенін жылы қабылдадық. Тазының тұқымы әлемде құрып кетудің алдында тұр екен. Ата-бабалаырмыз итті жеті қазынаның біріне балағаны белгілі. Тазы – тазалықтың белгісі. Ой жүгірте қарасақ, Президент көптеген игілікті істерге мұрындық болып отыр, алдағы кезеңде еліміздің руханияты жаңаша биікке қол жеткізеді деген үміттемін. 

Серік СЕЙІТМАН, ақын

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір