ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ ИГІ ІС
15.03.2021
430
0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» марафоны аясында Өскемен қаласының Достық үйінде этномәдени бірлестік мүшелері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Игі шара шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрайымы Татьяна Кагерманова мен армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Степанян Анушаванның ұйытқы болуымен өтті.
Этномәдени бірлестік мүшелері мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған екі көпбалалы отбасын таңдап, азық-түлік пен тұрмыстық заттар жеткізді.
– Бізге келіп қол ұшын созғандарыңызға көп рахмет. Жолдасым пандемия кесірінен жұмыссыз қалды. Қолдағы бар ақшамыз науқас баламыздың дәрі-дәрмегіне кетіп жатыр. Осындай қиын сәтте демеу болғандарыңызға алғысымыз шексіз, – дейді көмек алған ана.
Шығысқазақстандық ҚХА мүшелері қайырымдылық акциясын мұнымен тоқтатпайтындарын айтып отыр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір