Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше құрмет көрсетілді
15.03.2021
424
0

Халықаралық әйелдер мерекесі орай және «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесі игілікті іс атқарды.
Қаланың сән-салондарында мүмкіндігі шектеулі әйелдерге тегін қызмет көрсетілді. Ақ жаулықты аналарымыз бен аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Аналар кеңесі мен «LUX» сән-салонының ұжымы барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарын тарту етті.
Атырау облыстық Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері де аяулы аналарымыз бен қыз-келіншектерге өз тарапынан психологиялық семинар-тренингтер өткізіп, қолдау көрсететіндерін жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір