Жәркен БӨДЕШҰЛЫ. ҚОҢЫРАУЛАТЫП ӨТІП ЖАТҚАН ЗАМАН-АЙ!
23.11.2020
1252
0

ҮНДІ ПІЛІ

Жаясынан тер аралас май тамып,

Келе жатыр дәу қара піл найқалып.

Иесінің жүгін жолда қалдырып,

Көңілін бір көрген емес қайтарып.

 

Үнділермен тағдыры бір,

Жаны жұп,

Жұмыскер піл көрсетпейді тағылық.

Бір құлағын жамбасыңа төсеніп,

Бір құлағын жатсаңдағы жамылып.

 

Мейлі орманнан,

Мейлі меңіреу шөлден өт,

Жалтақ қағып сұрамайды Ол көмек.

Жануардың бүлк етпейдіау бүйірі,

Сауырында билесең де дөңгелеп.

 

Тұлғасы да,

Мінезі де дархан, бай,

Төс, табаны оқ өтпейтін қалқандай.

Темір сауытқұжырқұжыр терісі,

Тұмсығы да ескен болат арқандай.

 

Құл боларсың мықтылығын күндесең,

Үнділіктер дейді: «Сенсең,

Пілге сен».

Мықтымын деп өмірбақи мақтанба,

Мықтылықпен тізе қосып жүрмесең.

 

Жаясынан тер аралас май тамып,

Маңғаз пілдер нық басады найқалып.

Оған мініп келе жатқан шаруаның,

Көрген емес бетін дауыл қайтарып.

 

Жүректерден тұрған шақта қан тарап,

Аласармас биікмұрат,

Нарталап.

Болашаққа деген жойқын пілсенім

Адамзатты келе жатыр арқалап.

 

ҚОҢЫРАУЛАР

 Мен туғалы керуенкеруен Көшті күн,

Алуаналуан қоңырау үнін естідім.

Ойхой, менің қоңыраулы тал бесігім,

Тас бұлақтай сыңғырлайтын кешқұрым.

 

Сенің үнің жалғасқанда әлдиге,

Қанат бітіп кететұғын әнкүйге.

Қоңыраулатып жөнелгендей сан күйме,

Жұпыны үйлер айналатын сәнді үйге.

 

Көкірекке тұнып қалған күй сынды,

О, мектептің қоңырауыай сүйкімді.

Сен есіме түсіп кетсең болғаны,

Ойға батам төрт бөліп түн ұйқымды.

 

Қоңыраулар, Қоңыраулар Көп тегі

Мына ғасырқоңыраулар көктемі.

Күмбірлеген оның қоңыр үнінен,

Бұл дүниенің жаңғырмаған жоқ шегі.

 

Қоңырауын шалмасаңыз Сіресіп

Ашылмайды шаһардағы бір есік.

Қоңырау шалмай бара алмайсың тойға да,

Көңіліңде тұрғанымен гүл өсіп.

 

Қоңыраусыз іс бітпейді, Қараңыз,

Өлімге де қоңырау шалып барамыз.

 Қоңыраулар, қоңыраулар үнімен

Құлақтарда алуан әуен,

Қалады із

 

Алып кран қоңыраулатып алаңда,

 Құрылыс жүгін тік көтермек әмәнда.

 Бір қоңырау күмбір қағып тұрады,

Меніңдағы жұлын, жүйке санамда.

 

Қондырсаң да төбеңекүн,

ЖағаңаАй,

Бүгінгі ойың

қалады ертең жарамай,

Сағат сайын құлағымның түбінен

Қоңыраулатып өтіп жатқан заманай!..

 

ТОП ШЕҢГЕЛ

 Жұлдызды аспан астында дала жатар,

Қысқа таңы жайлаудың әліақ атар,

Ұзап шыққан ауылдан махаббатты

Тасасында топ шеңгел паналатар.

 

Тасасында топ шеңгел паналатса,

Дүние тұнып кетпей ме ғаламатқа.

Топ шеңгелді айналған қос көлеңке

Аймен бірге жантайып бара жатса

 

Үрген иттің бір мезгіл жағы тынса,

Жас сүйсініп,

Мыстанның сағы сынса,

Қарсы беттен аңқылдап ескен желге

 Омыраудың түймесі ағытылса.

 

Жігіт қызға гүл емес, Жусан үзіп,

Алса жерге түн шығын бір тамызып.

Екеуара иіскеп түн жусанды,

Айдалада жарасып тұрса қызық.

 

Жайлау түніТоп шеңгел. Есік алды

Несі кетіп жастықтың несі қалды?

Жылдар өтіп осынау топ шеңгелді

Қыз бен жігіт сағына есіне алды.

 

ВАШИНГТОН. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТ КӨРМЕСIНДЕ

 Ұзындығы құлаш, құлаш,

Миллиард құлаш

Күмiс түктi айдаһар

(Көрсең басың айналар).

Бiр тамшы қан шығармай,

Қорақора қойды жұтып жатқанын,

 Рахатқа батқанын

Хас суретшi келiстiрiп сызыпты,

 Қорқынышты

Емес екен қызықты.

Сол суреттi жанарыма көшiрiп,

 Көңiлiмнқоймасына сақтадым.

Содан берi –

Құлан емес,

Жылан көрдiм түсiмде.

Жұлынжүйкем тiтiреп,

Жарлы жүрек лүпiлдеп,

Шықырлайды тiсiм де

 

ҚАРА НАР

 Қала бардым. Тау бардым. Дала бардым.

Байырғы мүйіз табан қара нармын.

Арқалап тас, жібекті, алтынды да,

Бейнетті өз басыма қалап алдым.

 

Жел өтінде,

Аязда тоңдым қырда,

Ширатқан шымыр арқау болдым жырға.

Ықылым о заманнан бұ заманға

Қазақты көшірдім де, қондырдым да.

 

Шөлдесем құмға омбылап, тұз да қорек,

Түнедім тау мен тасқа, сызға да көп.

Сүйегін Абылайдың Түркістанға

Әкелдім, балға орап, мұзға бөлеп.

 

Еркім жоқ ессіз күнде теңдеп едім,

Орыстың от ауызды зеңбірегін.

Найқалған тарихтың керуеніндей,

Қоңырауым күмбірлеп мен келемін.

 

Ұрпақтың маған басын иері анық,

Күш біткен өн бойыма, кие дарып.

Жеткіздім алыстағы Ақ Жайыққа,

Жасауын Қыз Жібектің тиеп алып.

 

Желіккен жеңілдікті менен күтпе,

Үйренген зілдей ауыр денем жүкке.

Мұнартқан қара таудың тасындай боп,

Шөгіп барам тұңғиық тереңдікке

 

АЙДАҺАР АУЛАУ

 Қазақ аңшы халық,

Тұрады андасанда қан шығарып

Автордан

Улы басы қияздап кесілгенде

Мен ұрттайын сорпасын,

Етінсен же.

Суырып алып қолқасын

Қу сүйегін

Жіберейік батырып Жетім көлге.

Айдаһарпатшасы жыландардың,

Түсі суық,

Іші зәр, Дырау, Малғұн.

Жем болсын өзі де енді аш балыққа,

Талайын жұтып еді құлан, нардың

 

СҮТ САТУШЫ АНА ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

 Бұл да бір жыр болар деп күтпеген ем,

Ол кезде түсінбеппін түкке де мен.

Осыдан он жыл бұрын зыр жүгіріп,

Қолымда құмырам бар, сүтке келем.

 

Таң атпай қаздай шұбап тұрған халық,

Кезекке мен де ілінем жылдам барып.

Тықыршып тұрғанымды сатушы ана

Қалатын бірде аңғармай,

Бірде аңғарып.

 

Көңілімде болмаса да алаң бөтен,

Мұндайда «кезегіңе» қалаң бекем.

Шүмектен сорғалайды сүт нөсерлей,

Япырмай, маған жетпей қалар ма екен?

 

Шындықты көр, кәнеки, мойныңа алмай,

(Түйемін қабағымды ойлы жандай).

Төрт көзбен күтіп отыр үйде жарым,

Тұңғышын уызына тойдыра алмай.

 

Балапан шырқырайды қолындағы,

Қиынақ, жас анаға оның бабы.

Сүт келсе, жарым жайнап,

Бала уанған,

Есімде сақталыпты соның бәрі

 

Қоятын тамақ берсе жалап, ішіп,

Бар еді үйде және бала мысық.

Олдағы сүт бар ма деп мияулайтын,

 Былшықты қыли көзін шала қысып

 

Жай ғана ырыс қой деп жұрт кенелген,

Оралар жыр болар деп күтпеген ем.

Осыдан он жыл бұрын зыр жүгіріп,

Қолымда құмырам бар, сүтке келем.

 

Шүмектен бүгін де сүт сорғалаған,

Сол көше,

Сол бір кезек,

Сондағы адам,

Сол әке,

Сол әжейлер бұрынғыдай,

Сәбидің тағдырына болған алаң.

 

Ісіне сатушы ана нағыз бекем,

Көресің оны қаңтар, тамызда сен,

 Шөлдеген бөбектердің таңдайына

 Қанша рет өмір нәрін тамызды екен?..

 

Ай құсап жарып шыққан қара бұлтты,

Әнеки, ақ маңдайы қабарыпты.

Литрлеп құйған сүттей,

Атқан таңдай,

Самайы әдемі боп ағарыпты.

 

Десек те көңіл үшін кеше ғана,

Қалыптыау, мосқал тартып, кесек ана.

Таң сайын сол ананың сүтін ішіп,

Өстіекен зыр жүгіріп неше бала.

 

Біреуі солардың өз балам екен,

Есейіп келе жатыр аманесен.

Тұсынан сол кісінің өткен сайын,

Жаудырам алғысымды ала бөтен.

 

Адамдар, өз орныңнан күт кешегі,

Жауады таңда сағат сүт нөсері.

Толассыз жауған сайын сүт нөсері,

Кернейді ұрпақ өсіп, құт көшені…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір