Луис Глюк: Мен ғашық болғаннан кейін қылмыскер болдым
09.10.2020
1468
0

Күні кеше Нобель сыйлығын алған Луис Глюктің екі өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз!

СИРЕНА

Мен ғашық болғаннан кейін қылмыскер болдым.
Бұған дейін даяшы едім.

Сенімен Чикагоға барғым келмеді.
Сенің жарың болғым келді.
Әйелің сонда азап шегер еді.

Оның өмірі спектакль сияқты болғанын қалаймын.
Онда барлық бөліктер қасіретті бөліктерге айналады.

Есі дұрыс адам осылай ойлай ма?
Солай ойлайтынына сендім мен.

Менің батылдығым үшін қарыз аларсың.

Есігіңнің алдында қараңғыны жамылып отырмын.
Қазір маған бәрі түсінікті болды:
Сіздің әйеліңіз тысқа сізді шығармаса,
Бұл оның сізді сүймейтінін дәлелдейді.
Егер ол сізді сүйсе,
Бақытты болғаныңды қалар еді.
Алғаусыз ойлармен ауырмасам,
Бұдан да жақсы адам болар едім,
Жүрегіме тыныштық орнар еді.
Сегіз қап сусынды көтере алатын
Жақсы даяшы едім ғой мен.

Мен саған өз армандарымды айтып беретінмін.
Кеше түнде қараңғы автобустың бұрышында отырған әйелді көзім шалды.
Ол түсінде өксіп жылайды, жылайды да тоқтаусыз алға жүреді.
О бір қолын дамылсыз бұлғап тұр;
Келесі қолында сәбилерін салған себеті теңселеді.
Арман қызды құтқармайды екен-ау.

ТІЛЕК

 Тілек айтқан кезіңіз есіңізде ме?
Мен көптеген тілектер тіледім.

Саған өтірік айтқан сәтім
көбелек туралы болатын.
Сенің не тілек тілегеніңді әрқашан ойлап жүрдім.

Мен не тіледі деп ойлайсың?

Бәрі беймәлім. Менің қайтып келетінім де.
Мейлі қалай болғанда да бір кемеде боламыз.

Мен әрқашан ойымдағыны тіледім.
Келесі бір өлең келуін тіледім.

Ағылшын тілінен аударған Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір