«Әлқисса» фестивалі өтеді
28.09.2020
744
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы адамдарды мақтан тұту керек. Олардың есімдері тарихта жоғалмауы керек, бүгінгі күннің мақтанышы болуы керек» деген сөздеріне сүйене отырып, осы Жолдау негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұлттық музыкалық өнер саласындағы өткен және қазіргі заманның ұлы қайраткерлерінің бейнелерін қалыптастыруға және олардың шығармашылығын ұлықтауға бастама жасап, 2020 жылдың 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында КСРО Халық артисі, Халық Қаһарманы, Ұлы композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалін өткізеді.   

Аталған фестиваль аясында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің және шақыртылған әртістер мен  шығармашылық ұжымдардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 Фестиваль бағдарламасы:

29 қыркүйек — Көрнекті композитордың шығармаларын орындаудан өткен домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауының жеңімпаздарын онлайн-марапаттау рәсімі;

30 қыркүйек  — Филармнияның Үлкен залында фестивальдің ашылуы;

1 қазан — Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының концерті;

2 қазан — Н.Тілендиевтің  мерейтойына арнайы дайындалған деректі көркемфильмнің премьерасы;

3 қазан — ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті;       

4 қазан — Фестивальдің жабылу салтанаты, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің және онлайн-байқау жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерт.

Фестиваль аясындағы барлық іс-шаралар филармонияның Youtube арнасы арқылы  сағат 19:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Байланыс: Манар Алиева +7 702 8098007   

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір