Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы басталды
01.09.2020
1156
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталды.

Ел президенті парламенттің алтыншы сессиясын ашық деп жариялады. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын», — деді ол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайтын бүгінгі жиынға Мәжілістің — 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр. Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда. Сонымен қатар, Конституциялық кеңес пен жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ел президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір