Институционалдық аккредиттеу басталды
07.04.2024
18
0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да институционалдық аккредиттеу басталды. Сыртқы аудитті Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің сарапшылары жүзеге асыруда.  

Алғашқы күн университет басшылығымен, оқытушылармен және білім алушы жастармен сұхбатқа арналды. Басқарма мүшесі – ҚазҰУ-дың операциялық қызмет жөніндегі проректоры Еркін Дүйсенов ББСҚЖ ТА агенттігінің сарапшыларына еліміздің жетекші университетінің қызметі туралы айтып берді.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Университет QS Word University Ranking әлемдік рейтингінде 230-орында, QS Asia University Ranking-те 29-шы және QS Central Asia-да 1-орында, «5 жұлдызды QS Stars» артықшылық белгісіне ие», – деді проректор. ҚазҰУ-дың басты мақсаты – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. ЖОО-ның стратегиялық міндеттері – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау және басқа да университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру. Сондай-ақ проректор университеттің бірегей ғылыми-инновациялық қызметінің құрылымы, іске асырылып жатқан ғылыми жобалар, ЖОО ғалымдарының жарияланымдық белсенділігі, білім берудегі инновациялар және басқа да ҚазҰУ-дың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Сарапшылардың ЖОО басшылығымен кездесуі университет қызметінің өзекті мәселелерін талқылаумен аяқталды.

Одан соң Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің сарапшылары проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және факультет декандарымен кездесті. Бұл сұхбаттар университет қызметінің әртүрлі аспектілері, инновация, оның ішінде академиялық адалдық қағидаттары туралы құнды ақпарат көздерін алуға бағытталған.

Институционалдық аккредиттеу білім беру мекемесінің сапалы білім беруге және озық зерттеу бастамаларына жәрдемдесуге деген тұрақты ұмтылысын растау ретінде қызмет етеді. Аккредиттеу процесінде белгіленген стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, білім беру ұйымының білім сапасы мен ғылыми қызметі мұқият бағаланады.

Мақала жолдаушы:Маулит Б.

Мақала авторы:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір