«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина
11.08.2020
545
0

Өз саласы бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған спорт шебері, жүзуден еліміздің тұңғыш жазғы Паралимпиада чемпионы, 13 әлемдік рекорд пен 200-ден астам медальдың иегері Зүлфия Ғабидуллина мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан, Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген жас спорт майталманы. Өзінің айтуынша, Зүлфия Ғабидуллинаны 6 жасында көлік қағып кетіп, омыртқасы мен басына ауыр зақым келген. Содан бері ол өмір бойы мүгедек арбасына таңылады. Бірақ жігерін жасытпай, өз арманына жетуге құлшыныс жасады. Әр күні үзбей жаттығулар жасап, денсаулығын оңалту курстарына қатысып, мамандардың көмегіне сүйеніп келеді. Оның өміріне спорт серік болды, спорт оны биікке жеткізді.

Зүлфия Ғабидуллина сұхбатында: «Спорт – менің өмірім. Спорт арқылы мен өз арманыма қанат байладым, өмірімді жаңа белеске көтердім. Бір қызығы, спорт еріншектерді керек етпейді. Мен бала кезімнен бір орында отыра алмайтынмын, сондықтан бұл менің жаныма жақын, сүйікті ісіме айналды. Ол алғашқы жарысынан бастап-ақ жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сол сәттен оның жұлдызды жана басталды. Алайда спортшының өмірі тек жеңістерден ғана тұрған жоқ. Ол өз жолында талай кедергіге тап болды, жарысқа баратын ақша таппай қиналған кездері де жоқ емес. Тек қажырлы еңбек пен күш-жігерінің арқасында барлық қиындықты жеңе білді. Ал Рио олимпиадасында Зүлфия бүкіл әлемді мойындатты. Рекорд жаңартып, елімізге тұңғыш алтын медаль алып берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір