ДОСАН ЖАНБОТАНЫҢ ҚОС КІТАБЫ
06.11.2015
1129
0
777678_2009361920_8Белгілі ақын Досан Жанботаның екі томдық  шығармалары «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрді.

Кітаптың бірінші томында «Дала оттары» және «Жер жылуы» атты бұрын жарық көрген кітаптарымен қоса «Жер иесі» деген жаңа романын ұсынып отырған жазушы жан-дүниесін толғантқан шындықты ұсынады. Екі қоғамдағы екі түрлі құбылыстарды салыстырғандай бұл шығармалардан жағымды, жағымсыз кейіпкер іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, «ХХІ ғасырда бүкіл қазақ саясаткер болғанда Жаныс неге далада қалған» деп кінә тағудың да орны жоқ. Жаныс  та, оның отбасы да – тарихи тұлға емес, өздеріңізбен күнде бірге жүрген пенделер. Романды қабылдау, бағалау оқырманның еркінде.
Досан Жанботаның шығармалар жинағының екінші томына деректі эссе, новелла, повестер жинағы енген. Әңгіме арқауы бірімізге етене жақын, енді бірімізге атақ-даңқы, халқына жасаған игілікті ісі арқылы таныс адамдар өмірінің қас-қағым сәттілік келбет-кейпі, пенделік қарым-қатынасы. Бұл жинақта бес жылдықта асқан асу, белестері, атақ-даңқы, омырауына қадаған жұлдыз, орден, медалы жайлы баяндалмайды. Әрқайсысының ХХ ғасыр тарихынан алар орны бар. Бағаласақ, көзінің тірісінде-ақ өздеріне-өздері ескерткіш қойған. Енді олар ертеңгі өсер ұрпақтарға керек. Автор пәленнен естідім, түген айтты демейді. Өзі ол адамдармен сыйласқан, дидарласқан. Сол енді қайталанбас өмірдің қымбат көрінісін Сіздердің назарларыңызға ұсынып отыр. Бір шоғыры баспадан жарық көрген жинаққа шыққан, ал енді бір шоғыры газет, журналдарда басылып жарық көрген…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір