БИЫЛ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН САЛТАНАТТЫ ТАБЫСТАУ  РӘСІМІ ӨТПЕЙДІ
23.07.2020
900
0

Жер-жиһанды әлекке салған «Covid-19» пандемиясы кесірінен 2020 жылғы Нобель сыйлығын беру рәсімі күшінен қалдырылды. Нобель академиясының хабарлауына қарағанда, биылғы сыйлық беру дәстүрлі шарасы «жаңаша үлгіде» өткізілмек. Бұл әлемдік ең беделді сыйлық тарихында 1956 жылдан кейін алғаш рет болып отырған жағдай. Нобель академиясының Кеңес төрағасы Ларс Хейкенсте өз сөзінде: «Биылғы Нобель сыйлығын иеленушілердің нәтижиесі бұрынғыға мүлде ұқсамаған тәсілде өтеді», – дейді. 

     Нобель академиясының айтуынша, әлемді жайлаған індет халықаралық саяхат һәм топтық жиналуға кері әсерін тигізгендіктен, көптеген ірі жиналыстар мен басқосулар басқа форматта өтеді. Биылғы Нобель сыйлығын иеленушілердің есім-сойы 5 қазаннан 12 қазан аралығында жарияланады. Ал оларды марапаттау онлайн форматта яки Нобель сыйлығына ие болғандардың өз елінде, Швецияның елшіліктері арқылы тапсырылуы мүмкін.  

                                                       Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір