АЛМАТЫДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ЦЕХТАР АШЫЛДЫ
07.07.2020
744
0

Астана күнін мерекелеу қарсаңында шаһарымызда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Атап айтсақ, «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС зауыттары.

«Масло-Дел» ЖШС жұмыс өндірісін кеңейту, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіру бойынша өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артпақ.

Сонымен қатар, дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, қағаз майлықтарды шығаратын үш қабатты «Папирон» ЖШС жаңа цехының құрылысы, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндірумен айналысатын «Дор-хан-Алматы» ЖШС кешенінің құрылысы, «Солнечный» сүт зауытын жаңғырту жұмыстары  және өнім түрлерін кеңейту үшін қосымша жабдықтар алу сынды қосымша жұмыстар жүргізілді.

   Өндірістік цехтарды салу және кеңейту жұмыстары «Алматы-2050” стратегиялық бағдарламасының «шетсіз қала» бағыты аясында қалада полиорталықты (көпорталықты) дамыту мақсатында орындалды. «Шетсіз қалада» әрбір ауданда бірегей мүмкіндіктер жасалып, дамыған өндірістік салалар жұмыс істейді, сол үшін жаңа нысандар салынбақ.

 Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің  кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етеді.

Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір